Жаңалықтар

Тоқаев Конго Республикасында Елші тағайындалатынын айтты

Тоқаев Конго Республикасында Елші тағайындалатынын айтты
Фото: Akorda.kz 02.08.2024 14:00 461

Тоқаев Конго Республикасында Елші тағайындалатынын айтты, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы Конго президентінің қазақ жеріне алғашқы сапары екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 25 жылдығымен тұспа-тұс келіп отырғанын атап өтті

Біз Конго Республикасын Африка құрлығындағы маңызды серіктес ретінде қарастырамыз. Екі ел бір-бірінен қашықта орналасқан. Соған қарамастан өзара байланысты жан-жақты дамытуға мүдделіміз. Қазақстан мен Конго ынтымақтастығының әлеуеті өте жоғары. Әсіресе, сауда-экономика, ауыл шаруашылығы, көлік-логистика, тау-кен, өндіріс пен инвестиция, жаңа технологиялар мен ғарышты игеру бағыттары бойынша екі ел арасындағы ықпалдастықты жандандыру қажет. Бүгінгі қол қойылатын құжаттар саяси және экономикалық ынтымақтастықты дамытуға тың серпін береді деп сенемін. Осы ниетіміздің айғағы ретінде біз Конгоға Елші тағайындаймыз, – деді президент.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға