Тоқаев Гвинея президентін Ақордада қарсы алды

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
18.12.2024 11:41
440
«Ақорда» резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Гвинея-Бисау Президенті Умару Сисоку Эмбалоны салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Умару Сисоку Эмбало бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы президенттерге рапорт беріп, екі елдің әнұрандары шырқалды.
Салтанатты рәсімнен кейін мемлекеттер басшылары келіссөз залына барды.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
«Қонаққа кеткен». Денесі зауыттың жанынан табылған әйелдің өлімі жұмбақ күйінде қалып отыр
Келесі жаңалық
«Барыс» осымен 47-рет жеңіліс тапты