Тоқаев Гвинея-Бисау президентін Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
21.10.2024 19:00
1215
Қасым-Жомарт Тоқаев Гвинея-Бисау президенті Умару Сисоку Эмбаломен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Гвинея-Бисау арасындағы қарым-қатынастың даму перспективасын талқылады.
Президенттер екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға бейіл екендерін растап, өзара ықпалдастықтың басым бағыттарын қарастырды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Умару Сисоку Эмбалоны өзіне қолайлы уақытта Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.
Сондай-ақ президенттер халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
ШҚО тұрғындары Өскеменге жылдам қатынайтын болады - министр
Келесі жаңалық
Қостанай облысында 100-ге жуық адам құтқарылды