Жаңалықтар

Тоқаев Грекия Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Тоқаев Грекия Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Фото: Ақорда 25.03.2025 12:01 233

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Грекия Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Президент Астана мен Афина арасындағы достық пен өзара түсіністікке негізделген көпқырлы ынтымақтастықтың аясы жылдан-жылға кеңейіп келе жатқанын ризашылықпен атап өтті. Сондай-ақ бірлескен күш-жігердің арқасында елдеріміздің серіктестігі болашақта да ұдайы нығая беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Грекия Президенті Константинос Тасуластың жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс, достас грек халқына өркендеу мен құт-береке тіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға