Жаңалықтар

Тоқаев Геннадий Головкинді қабылдады

Тоқаев Геннадий Головкинді қабылдады
Фото: Ақорда 15.07.2024 16:11 435

Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұлттық құраманың Париж Олимпиадасына әзірлігі жөнінде мәлімет берілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Геннадий Головкин ұйымның халықаралық бағыттағы қызметін үйлестіру шаралары, сондай-ақ салалық білім беру жобалары туралы баяндады. Оның айтуынша, ҰОК Халықаралық Олимпиада комитетімен, Азия Олимпиада кеңесімен және басқа елдердің осындай құрылымдарымен байланысты жандандырып жатыр.

Сонымен қатар Ұлттық олимпиада комитеті спортшылардың құқығын қорғауға бағытталған жобаларға баса мән беріп келеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға