Тоқаев Финляндия президентімен телефон арқылы сөйлесті
![Тоқаев Финляндия президентімен телефон арқылы сөйлесті Тоқаев Финляндия президентімен телефон арқылы сөйлесті](/storage/storage/element/2024/12/04/mainphoto/132644/1200xauto_jrewMLrnuSO2mezscTv3mC5dyBhyiALVnjlxyq6U.jpg)
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
04.12.2024 17:20
1204
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Финляндия президенті Александр Стуббпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Финляндия тарапының бастамасымен өткен әңгімелесу барысында президенттер екіжақты ынтымақтастықтың даму перспективаларын талқылады.
Сондай-ақ мемлекеттер басшылары өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Стуббты және Финляндия халқын алдағы Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Бөлісу:
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)