Тоқаев Эмомали Рахмонды Тәжікстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
09.09.2024 11:07
390
Мемлекет басшысы құттықтау жеделхатында Президент Эмомали Рахмонның парасатты көшбасшылығымен Тәжікстанның маңызды саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүйелі түрде жүзеге асырып, мемлекеттілікті нығайту жолында сенімді қадам басып келе жатқанын, халықаралық аренада абыройы жоғары екенін атап өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан мен Тәжікстан стратегиялық серіктестік және одақтастық рухындағы өзара тиімді қарым-қатынас орнатқанын, бұл екі халықтың мүддесіне сай келетінін жеткізді.
Мемлекет басшысы Тәжікстан Президентінің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал бауырлас тәжік халқына бақ-береке тіледі.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Ташкентте магнитудасы 3,6 балдық жер сілкінісі болды
Келесі жаңалық
«Таза Қазақстан»: Шымкентте ауқымды сенбілік өтті