Тоқаев Эмомали Рахмонды әуежайдан шығарып салды

Фото: ҚР Президентінің баспасөз қызметі
Фото: ҚР Президентінің баспасөз қызметі
04.05.2023 19:00
1923
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапары аяқталған Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонды әуежайдан шығарып салып, жылы қоштасты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонды Ақордада қарсы алған еді.
Осыдан кейін екі президент бірқатар маңызды меморандумға, соның ішінде декларацияға қол қойды.
Сондай-ақ Қазақстан Президенті Эмомали Рахмонды «Алтын Қыран» орденімен марапаттады.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Қазақтан жемқорлықпен енді тәжіктермен бірігіп күреседі