Жаңалықтар

Тоқаев еміме көп ақша берді - Жүрсін Ерман

Тоқаев еміме көп ақша берді - Жүрсін Ерман
Фото: youtube.com/@QazaqstanTV 13.11.2024 13:59 767

Айтыс өнерінің ұйымдастырушысы, ақын Жүрсін Ерман ауыр дертке шалдыққанда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың көмектескенін айтты, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Ақын «1001 түн» бағдарламасында қонақта болып, шетелдегі еміне президенттің қомақты қаражат бергенін тілге тиек етті.

Мені құртқан қант қой. Қатты ауырдым, сосын Алматыдағы Президент іс басқармасының ауруханасында емделдім. Маған қарап жүрген дәрігер «аяғыңызды кесеміз, әйтпесе өліп қаласыз» деді. Аяқты кестіру оңай ма, оданда шетелге барып келейін деп, Швейцарияға кеттім. Сонда менің құдам бар - ДСҰ-ның басшысы. Олар жақсылап тексеріп, «сенің аяғыңды кесемін деген қайсысы?» деп сұрады. Мен мән-жайды айттым. Олар кесудің түк қажеті жоқтығын айтты. Бірақ аса көп көмек болмады. Қалай дегенмен шетелге бару оңай емес. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев емделіп келуге көп ақша берді. Оны өзі айтпайды, бірақ мен іштей ол кісіге ризамын.

Бір күні ауруханадағылар екі-үш күндік өмірім ғана қалғанын айтыпты. Қасымда жүрген екі қызым сол соңғы күндерін үйінде өткізсін деп, қолхат жазып мені алып кетіпті. Өздері неше түрлі шөппен емдеп, аман алып қалды, - деді Жүрсін Ерман.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға