Жаңалықтар

Тоқаев ел арасында өшпенділікті насихаттайтындарға жаза қолданылатынын еске салды

Тоқаев ел арасында өшпенділікті насихаттайтындарға жаза қолданылатынын еске салды
Фото: Ақорда 25.04.2024 11:55 923

Мемлекет басшысы елдің тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тиісті шара қолданылатынын айтты. Президенттің сөзіне қарағанда, мұндай бағыттағы түрлі қитұрқылық пен пәлеқорлық жасағандар жазасыз қалмайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қоғамда алауыздық тудыратын кез келген әрекетке қатаң тосқауыл қою қажет. Азаматтарымыздың бізге қатысы жоқ ақпарат майданына араласып, өшпенділікті насихаттауы еліміздегі тұрақтылыққа және қоғамдық келісімге зор қатер төндіреді. Әрқайсымыз азаматтардың құқығы тең және еркін болуын қамтамасыз ететін Ата Заңымыздың әрбір сөзін бұлжытпай ұстануымыз қажет. Заң мен тәртіптің әрдайым және барлық жерде сақталуы, заң үстемдігінің сөзбен де, іспен де орнығуы маңызды.

Президент қоғамда өзара құрмет пен сенімді нығайта түсу басты міндет екенін айта келе баршаға ортақ жаңа қағидаттар мен ұстанымдар ойластырудағы ассамблеяның қызметін айрықша атап өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға