Тоқаев Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесті
![Тоқаев Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесті Тоқаев Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесті](/storage/storage/element/2024/12/05/mainphoto/132822/1200xauto_bBVUDpk9MuBmR31CepsqpfzJFrRwosikwlCfkvyf.jpg)
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
05.12.2024 23:13
395
Мемлекет басшысы АҚШ-тың сайланған Президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампты Америка Құрама Штаттарының Президенті болып сайлануымен құттықтады.
Саясаткерлер сауда, инвестиция салаларында және ядролық қаруды таратпау бағытында стратегиялық серіктестікті дамытуға бейіл екендерін растады.
Мемлекет басшысы халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша Қазақстанның ұстанымын жеткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дональд Трамп екіжақты ынтымақтастықтың жоғары қарқынын сақтау мақсатында ұдайы байланыста болуға уағдаласты.
Бөлісу:
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)
Алдыңғы жаңалық
Оқу-ағарту министрі еуропалық әріптестерімен келіссөз жүргізді
Келесі жаңалық
Қарағанды облысында далада қалған бес адам құтқарылды