Жаңалықтар

Тоқаев Чехия халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Тоқаев Чехия халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Фото: Ақорда 28.10.2024 11:00 97

Қасым-Жомарт Тоқаев президент Петр Павелді Чех Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы құттықтау жеделхатында Қазақстан мен Чехия арасындағы қарым-қатынас қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықтың одан әрі нығая түсетініне сенімді екенін жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Петр Павел мен барша чех халқына құт-береке тіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға