Тоқаев Аустрия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
26.10.2024 12:03
496
Мемлекет басшысы Аустрияның Федералдық Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Ван дер Белленді Аустрия Республикасының Ұлттық күнімен құттықтады.
Президент жеделхатында екі ел арасындағы ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар бірлескен күш-жігер арқылы Қазақстан мен Аустрияның ықпалдастығы қос халықтың игілігі үшін беки түсетініне сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Ван дер Белленге және Аустрия халқына құт-береке тіледі.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Астанада әскери дипломаттарды ресми қабылдау өтті
Келесі жаңалық
Қостанай облысында 100-ге жуық адам құтқарылды