Тоқаев: Астана халықаралық форумы – бұл диалог алаңы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумының негізгі миссиясына тоқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астана халықарлық форумы – бұл диалог алаңы. Оның негізгі миссиясы мынадай:
Бірінші, әлемдегі жағдайды ашық талқылау;
Екінші, алдымызда тұрған негізгі сын-қатерлер мен дағдарысты айқындау;
Үшінші, осы сын-қатерлерге өзара ынтымақтастық рухында диалог арқылы қарсы тұру;
Төртінші, көпжақты қатынастардың ортақ мәдениетін жаңарту және қалпына келтіру;
Бесінші, бейбітшілікті, прогресс пен ынтымақты жақтайтын дауыстарды күшейту, - деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев бұл форум өзара белсенді ынтымақтастыққа тікелей ықпал ететінін айтты.
Әсіресе бұрын-соңды болмаған геосаяси шиеленіс кезеңінде бізге мұндай қарым-қатынастар өте қажет. Сын-қатерлерге төтеп беру маңызды. Осы ретте жаһандық жүйе бейбітшілік пен өркендеуді таңдаулылар үшін емес, көпшілік үшін қамтамасыз ете отырып жұмыс істеуі тиіс, - деді Президент.
