Тоқаев Алматы әуежайында қаскөйді ұстауға көмектескен азаматты мемлекеттік наградаға ұсынды

Фото: Видеодан кадр/t.me/kozachkow
Фото: Видеодан кадр/t.me/kozachkow
07.03.2025 14:00
547
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы әуежайында адамды кепілге алу жағдайы жөнінде хабардар, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай жазды.
Президент қылмыскердің суық қаруын тартып алып, ұстауға көмектескен ер адамның батылдығын ерекше атап өтіп, аталған азаматты мемлекеттік наградаға ұсынуды тапсырды, - делінген хабарламада.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Әуежайда шабуыл жасаған адамды ұстау сәтінің видеосы пайда болды