Тоқаев Албания Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Фото: akorda.kz
Фото: akorda.kz
28.11.2024 23:14
935
Қасым-Жомарт Тоқаев Байрам Бегайды және оның отандастарын Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.
Президент Албания мемлекетінің әлемдегі мәртебесі асқақтап, халқының ырыс-берекесі арта беруін тіледі. Сондай-ақ Астана мен Тирана арасында мазмұнды саяси диалог пен дәстүрлі достық қалыптасқанын атап өтіп, бірлескен күш-жігердің арқасында екі елдің сан қырлы байланыстары одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді, - деп жазылған Ақорда таратқан ақпаратта.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Алматыда әскери мектеп түлектері ант берді
Келесі жаңалық
Қазақстандық кикбоксшы Әлем кубогында қола жүлдегер атанды