Жаңалықтар

ТОП-5: әлемдегі экологиялық ең таза елдер

Сіз таза елдер қатарына қай елді жатқызар едіңіз?
ТОП-5: әлемдегі экологиялық ең таза елдер
30.06.2018 18:27 69772

Ғылыми-техникалық прогресс қарыштаған заманда адамдар экологияны бағалай бастады. Көпшілігі жанға жайлы, жұмақ саналатын ең бастысы экологиялық таза елдерге көше бастады. Жер жаһанда ондай жұмақ мекен бар ма? Олай болса әлемдегі ең экологиялық таза елдердің рейтингісіне бір көз жүгіртіп, қандай ерекшелгімен көш бастағанын анықтап көрейік. Зерттеу жүргізген мамандар 140 елді сарапқа салып, мүмкіндігінше барлық қырынан бағалауға тырысқан. Мәселен, ауыз судың тазалығынан бастап, ауаның тазалығы, өсімдігі мен ауыл-шаруашылығына тұтынатын пестицидттер мен биологиялық ерекшелеліктерін де ескерген.  

Колумбия – әлемдегі ең таза елдер рейтингісінде көш бастап тұр

Жер жаһандағы ең таза елдер қатарында Колумбия тұр. Колумбия табиғат байлығына өте үлкен жауапкершілікпен, күтіммен қарайтын ел. Колумбия алқаптарында әлемге әйгілі кофе түрлері мен гүлдердің сан сорты өсіріледі. Бұл өнімдер осы елдің тұрақты экспорттық кірісіне айналғалы қашан? Экологиялық таза қоршаған орта – 73 жылдан бері Колумбиядағы тазалықтың өміршеңдігін аңғартып тұрғандай. Колумбия – Оңтүстік Американың солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Бір шеті Тынық мұхиты мен Кариб теңізіне шектесіп жатқандықтан Колумбияның сұлу да тамаша табиғаты одан бетер ажарланып, түрлене түскендігімен ерекше.

Таулардың ортасында орналасқан ауылшаруашылық алқабы көпшілік тұрғындардың күнкөрісі деп айтсақ болады. Мыңдаған гектар алқаптарда кофе мен гүл өсірілетіндіктен, мемлекет халқының басым көпшілігі осы экологиялық таза аймақтарда өмір сүреді. Табиғаты мен климаты халық үшін мейілінше ыңғайлы. Мемлекеттің дәл осы таулы бөлігінде туристерді өзіне тартатын негізгі курортты аймақтар мен басты порттар орналасқан.   

Коста-Рика

Коста-Рика атауын испан тілінен аударғанда «бай жағалау» деген мағына береді. Коста-Рика – Орталық Америкадағы ең шағын мемлекет.  Территориясы Тынық мұхит пен Кариб аралын жалғап тұр.

Коста-Рика әлемдегі ең таза елдердің арасында 4 орында тұр. Әлбетте бұл көрсеткішті табиғатқа деген күтімі мен экономикасы, экотуризмі арқылы алып отыр. 2021 жылға қарай бұл ел атмосфераға шығарылатын көміртек шығындарының нөлдік теңгеріміне қол жеткізуді жоспарлап отыр. Коста-Рика ағаш кесуден бас тартқан елдердің бірі. Сол себепті де экпсерттер тарапынан жоғары бағаға ие болып отыр.

Норвегия

Норвегия Солтүстік Еуропада орналасқан. Патшалықтың бүкіл аумағын Скандинав таулары алып жатыр деуге толық негіз бар. Таулары аппақ мұздардың құрсауында жатқандықтан мұндағы ауа саф әрі экологиялық таза елдер қатарында.

Норвегия – әлемдегі ең таза елдердің бірі. Мұнда өнеркәсіп мықты дамыған ел екендігіне қарамастан, экологиясы таза әрі бай ел болып саналады. Норвегия азаматтары үшін жан басына шаққандағы ЖІӨ көрсеткіші 33 мың доллардан асады. Негізгі табыс көзіне – мұнай мен газ өнімі сондай-ақ балық шаруашылығын жатқызуға болады. Сондай-ақ электрохимия, электрометаллургия, балық өнімін өңдеу, қағаз өндірісі, кеме жасау, электротехника өндіру жолға қойылған. Ең соңғы орында ауылшаруашылығы өнімдері тұр. Норвегия тұрғындары өздері өндірген ет пен сүт сондай-ақ бидай өнімдерін тұтынады.

Швеция

Еуропаның солтүстік бөлігінде сондай-ақ Швеция патшалығы орын тепкен. Швецияның бір шеті Балтық теңізі мен Ботаникалық шығанаққа шектессе, екінші жағы Дат шығанағымен шектесіп жатыр. Норвегияның солтүстік және батыс бөлігінде  шыңын қар құрсаулаған әсем таулар қоршап жатса, оңтүстігін ну тоғай алып жатыр.

Швецияның басым бөлігін тұнық көлдер мен тоғайлар алып жатыр. Ең бір құнды байлығы деп – ұлттық қорықтарын айтуға болады. Тағы бір ерекшелігі – мұнда климат өте қолайлы, неге десеңіз теңіз климаты біртіндеп континентальды климатқа ойысады.

Швейцария – ең таза мемлекет

Швейцария экперттер тарапынан максималды ұпай жинаған ел. Сол себепті де «Әлемдегі ең таза ел» деген құрметті атауды зор мақтанышпен арқалап келеді. Мемлекет Еуропаның орталық бөлігінде Германия, Франция, Австрия, Италия және Лихтенштейн сынды мемлекеттермен көршілес жатыр. Территориясының басым бөлігі Альп тауларының етегінде жатыр. Сол себепті де тұрғындары таудың саф ауасымен тыныстайды.

 

Елдегі климат ылғалды және қатқыл деп айтуға болады. Десе де қыста тон киюдің қажеті жоқ себебі ауа температурасы нөл градустан аспайды. Ал, жазда 19 градус шамасында ғана ысиды.

Елде өзен көп. Сонымен қатар табиғаты тамылжыған көлдер мен орманға бай. Мысалға, әйгілі Боденск, Лаго-Маджор, Женевск көлдерін атауға лайық. Швейцарияның үштен бір бөлігін тоғай мен ауылшаруашылығына негізделген шаруа қожалықтары алып жатыр деуге болады. Жүзім бақтары мен қайың ағаштарын көп кездестіре аласыз. Энгадин өзенінің жағасында Швейцария ұлттық қорығы орналасқан. Бұған қоса Швейцария әлемдегі ең бай елдер қатарында да көш бастап тұрғанын айта кеткеніміз жөн. Мұнда қолайлы өмір сүруге барлық жағдай қарастырылған.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға