Жаңалықтар

ТОП-10. Әлемді өзгертетін технологиялар

Ғылым, қайда барасың?
ТОП-10. Әлемді өзгертетін технологиялар
15.06.2018 19:14 43370

Күннен-күнге көз ілеспес жылдамдықпен дамып келе жатқан ғасырда небір жаңа технологиялар пайда болып, қолданысқа еніп жатыр. Мәселен, жүргізушісі жоқ автомобильдер, машиналы оқыту, алгоритимизация қиялдағы ғажайыптар болып көрінгенімен, жақын уақыттары күнделікті нәрсеге айналады.

Жүргізушісіз автомобильдер

Өзін-өзі басқаратын автомобильдерді кей үлкен корпорациялар өз лабораториясында дайындап, тәжірибеден өткізіп жатыр. Олар кәдімгі көлікпен салыстырғанда өте ыңғайлы, әрі қауіпсіз. Жеңіл автокөліктерді шығару көшеде тек жүргізушісіз темір тұлпарлар қаптаған кезде ғана тоқтайтын болады. Ол компаниялар тез арада адамның басқаруынсыз жүретін көліктерге ден қоймаса, автомобильдері қаңтарылып қалары анық. Адамдар ат арбаны қойып, жеңіл машиналарға өткен секілді, жүргізушісіз автомобильдердің де өз дәуірі басталады. Кептелістен мәңгілікке құтылатын уақыт таяп қалған сыңайлы. Елестетіңізші, сіз көшеге шығып, такси тоқтаттыңыз, ол өзі келіп, сізден қайда баратыңызды сұрайды. Бір күні сол темір тұлпарлармен сырласатын дәрежеге жететінімзге сенесіз бе?

Жасанды ет өсіру

Бүгіннің өзінде біз лабораторияларда көптеген таңғаларлық нәрселерді өсіріп, 3D-баспа арқылы да адамның миына сыймайтын дүниелерді дайындай аламыз. Бізге ұнайтын тамақтарды жеу үшін басқа тіршілік иесін міндетті түрде өлтіруіміз керек пе? Бұл сұраққа жасанды ет өсіру  технологиясы жауап береді. Мал өсіру үшін берілетін бірнеше соттық жерлер мен оны тамақтандыруға кететін қаржыны да үнемдеудің жақсы шешімі шыққан секілді. Ғалымдар жасанды еттің адам денсаулығына пайдасы көп болатыны жөнінде айтып жатыр. Әрине, көптеген адамдар «жасандының аты жасанды» деп, мұндай өнімдерді ас мәзіріне қосуға қарсы шығуы ықтимал. Бірақ, жасанды еттің табиғи өнімнен дәмдірек, әрі пайдалырақ болатыны оларға басқа мүмкіндік қалдырмайтын да шығар. Ал оның бағасы қанша болады екен?

Адам ағзаларын 3D-баспасы арқылы жасап шығару

Адам ағзаларына деген тапшылық ешқашан өз актуалдылығын жойған емес. Күн сайын донор іздеп, соңғы үмітімен өмір сүріп жатқан жандар қаншама?! Қарыштап дамыған ғылым бұл проблеманы да жақын уақыттары шешетін секілді. 3D-баспасы арқылы лабораторияларда адам ағзаларын өсіру технологиясы сізге қажет кез-келген органды дайындап береді.  Олар ағзаның сепцификасына лайықталып, дәлме-дәл көшірмесі ретінде жасалады. Бұл адамдардың өмірін ұзартып, өлім көрсеткішін айтарлықтай төмендетпек. Ендігі, айлап, жылдап донор күтіп әуре болмайсыз.

Жаппай алгоритм

Ақылды алгоритмдер бүгін біздің жарнамамен өзара әрекеттесуімізді тіпті, кімге дауыс беретінімізді біліп отыр. Олардың қолындағы көлемді мәліметтер достарымыздан да, туыстарымыздан да бізді жақсы таниды. Ойымызды оқиды, қайда барып, не істейтінімізді күні бұрын білетін болады. Оқыту жүйесімен бірге алгоритмдер ескішілдікті қатар ала отырып, жаңашылдыққа ұмтылып, өзінен-өзі уақыт талабына сай дами береді. Олар біздің қатысуымызсыз-ақ жетіле түседі. Яғни, сіз оған белгілі бір ақпаратты айтып әуре болмайсыз, тек іштей ойлансаңыз болды, оған мәліметтер қоры түсе береді.

Барлығына қосылу

Amazon Echo мен Google Home секілді ақылды үй құрылғылары қоршаған ортамен байланыс орнатуға жаңа мүмкіндіктер ашты. Көптеген қиялдағы нәрселеріміз шындыққа айналуға жақын тұр. Мәселен, кей тағамдардың бітуіне алаңдап, сізге тоңазтқышты жиі қарап отырудың қажеті жоқ, оны автоматты түрде сіздің құрылғыңыз байқап, тапсырыс беріп қояды. Қызық, келген тапсырысыңызды адам әкеле ме, әлде робот па? Сол сияқты интернетке қосылған киімдер де қолжетімді болады.

Құрылғымен әңгімелесу

Құрылғылармен сөйлесу онымен қаншалықты тіл табысып кеткенімізге тікелей тәуелді. Ақылды үй колонколары әрбір қолданушы онымен дауыстап әңгімелесе алатын дәлелдеп берді. Болашақта құрылығылардың функциясына бас ауыртып отырмайсыз. Оларға не керегін айтсаңыз жеткілікті. Сол сияқты ондай құрылғылар көзге көрінбейтін болып жасалмақ, қабырғаға не біздің киіміміздің ішінде жасырынып тұрады. Егер өз-өзімен ұрсып бара жатқан адам көрсеңіз, таң қалмаңыз, ол құрылғысына өз ренішін білдіруде.

Машиналы оқыту

Біз қазір ақылды машиналар атағы дардай ғалымнан да көбірек білетін заманда өмір сүріп жатырмыз. Машиналы оқыту компьютерлерге өте көлемді ақпараттарды қабылдап, жылдам оны анализ жасауға жәрдемдесетін болады. Қиын феномендер мен түсініксіз құбылыстардың қалай болатынын тез-ақ анықтап бермек. Бұл химия, биология, физика секілді күрмеуі көп салаларда көбірек пайдалы секілді. Енді, жаңа өнертабыстар роботтар қауымынан болатын шығар.

Роботизация

Роботтар біздің өміріміздің бір бөлігіне айналу үшін шығарушы компаниялар күн-түн демей еңбектеніп келеді. Олардың әрбір бөлігіне жеке-жеке тоқталып, даму үстінен дамып жатыр. Ең күрделі деген байланыстары мен қозғалтқыштары қиын жаттығуларды жасай алады. Мәселен, жақында ғана Boston Dynamics-тың заманауи роботтары олардың соншалықты иілгіштігін көрсетті. Қазіргі күні ілгеріде сөз етіп кеткен машиналы оқытуды мобильді қабатқа қондырса жетіп жатыр, одан әрі робот технологиясын нейронды желіге қосылуын бақылау ғана қалды. Сосын, барлығымыз роботизацияның жаңа дәуіріне куә боламыз.

Кеңейтілген шынайылық

Кеңейтілген шынайылықтың алғашқы толқыны – виртуалды және қосымша шынайлық қолданысқа еніп жатыр. Әсіресе, қосымша шынайылық интернет заттар технологиясымен байланысып көптеген мүмкіндіктерге жол ашып беруде. Мысалы, тоңазтқышты аша қалсаңыз, ондағы тағамдардың толық тізімі көз алдыңызда шығып тұрады. Сырттағы ауа-райын білу үшін смартфоныңызды ақтарудың қажеті жоқ, себебі, гардероб сырттағы жаңбырдан, не ысып тұрған күннен хабардар етеді. Шынайылық, расымен шынайы өмірімізге еніп келеді.

Адамдарды аугментациялау

Бионика – адамдардың бет-әлпетін өзгертіп жатыр. Яғни, бұл кибернетиканың бір бөлімі адам ағзасын инженер-техникалық тапсырмаларды шешуге қарай икемдеп келеді. Біз машиналарға тәуелді болған сайын, бүгінгі қол жеткізіп отырған мүмкіндіктеріміздің ауқымдылығы арта беретіні белгілі.  Видеокамералардың көзге жасалған имплантациясы, жоғары секіру және жылдам жүгіру қабілеттілігі немесе электронды құрылғыларды санамыз арқылы басқару – мұның бәрі адам мен машина арасындағы байланысты бекемдеп, тағы да басқа жаңалықтардың дүниеге келуіне жол ашуда. Ашылып жатқан жаңа мүмкіндіктер арқылы біз бұған дейін ести алмаған дыбыстарды, сезіне алмаған нәрселерімізге қол жеткізе аламыз. Мәселен, электрлік алаңның қуатын сезініп, миымызға «Матрица» фильміндегідей жаңа ақпараттарды жүктей алатын уақыт алыс емес.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға