Томирис Байсафаны қасақана өлтірген қылмыскер 13 жылға сотталды
Ол Дағыстанның бұрынғы вице-премьерінің ұлы.
24.06.2022 21:58
1439
Дағыстанның бұрынғы вице-премьерінің ұлы Муртузали Меджидов қазақстандық студент Томирис Байсафаны қасақана өлтіргені үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды EL.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Алқабилер алқасы М.Меджидовтің кінәсі туралы фактіні дәлелденген деп санап, оны Томирис Байсафаның өліміне бірауыздан кінәлі деп тапты.
Студенттің анасы тілшіге хабарлағандай, Мәскеудің Измайлов сотының судьясы Алена Лысенко үкімді жариялады. Оған сәйкес М.Меджидов қазақстандық студентті қасақана өлтірді деп айыпталып, 13 жылға бас бостандығынан айырылды, енді ол қатаң режимдегі колонияда жазасын өтейді.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Үкімет басшысы Еуразиялық даму банкі кеңесінің отырысын өткізді
Келесі жаңалық
Атырау облысында қызылша эпидемиясының жағдайы тұрақталды