Толғағы келген 27 жастағы қыз ұшақта босанды
Фото: © iStock
Фото: © iStock
28.04.2023 11:30
873
Ташкенттен Ыстамбұл рейсінің жолаушысы ұшақ ішінде босанды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Uzbekistan Airways авиатасымалдаушысының ресми сайтының мәліметінше, ұшақтың 27 жастағы жолаушысы бортсеріктерге өзін жайсыз сезініп тұрғаны туралы айтқан. Экипаж мүшелері әйел адамға алғашқы көмек көрсетіп, борттағы дәрігерлерден көмек сұраған. Әуежайға жақындаған уақытта саяхатшы әйелдің толғағы қатты қысып, жүктіліктің 28-ші аптасында дүниеге ұл бала әкелді.
Ұшақ қонғаннан кейін, Стамбул халықаралық әуежайының медициналық қызметкерлері ана мен балаға дереу көмек көрсетті. Әуе компаниясы олардың емханаға жеткізілгенін және жағдайлары тұрақты екендігін хабарлады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бекарыс Шойбеков: «Жамалымды» ғашығыма арнап жазғанмын
Келесі жаңалық
Ұлттық ұлан әскері жас сарбаздармен толықты