Жаңалықтар

Тоғыз қызы бар Балқаш ауданындағы майор желінің жұлдызына айналды

Тоғыз қызы бар Балқаш ауданындағы майор желінің жұлдызына айналды
Фото: instagram/police_almobl 06.09.2024 17:32 7897

Алматы облысы Балқаш аудандық жергілікті полиция қызметінің басшысы, полиция майоры Азамат Әбдірахманов тоғыз қыз өсіріп отырған көпбалалы әке, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Азамат полицияға 2008 жылы келді, сол жылы оның жеке өмірінде үлкен қуаныш орын алды: тұңғыш қызы Ақнұр дүниеге келді. Бүгінде Азамат пен Жзираның кенжелері жасқа жетпеген. Отағасы жұмыстан қолы босағанда балалардың жанында болуға асығады, - делінген полиция баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Азамат пен Жазира Ақнұр, Гүлнұр, Әдина мен Медина есімді егіз қыз, Кәусар, Жасмин, Айару, Томирис және Даяна есімді тоғыз қыз өсіріп отырған бақытты ата-ана.

Желі қолданушылары «Бақытты әкесіз!», «Қызықты қыздан көресіз», «Әдемі қыздар, бақытты ата-ана», «Қандай ғажап отбасы» деп жазып, таңданыстарын білдіріп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға