Жаңалықтар

«To be hip» немесе «Хипстер» деген кімдер?

«Хипстер» сөзі ағылшынша «to be hip», яғни «заманауи үрдіспен бірге жүру» деген мағынаны білдіретін термин. Алғашында, хипстер термині джаз музыкасын ұнататындар арасында пайда болған субмәдениеттің өкілдеріне қолданылған.
05.08.2014 12:34 8007

«To be hip» немесе  «Хипстер» деген кімдер?

«Хипстер» сөзі ағылшынша «to be hip», яғни «заманауи үрдіспен бірге жүру» деген мағынаны білдіретін термин. Алғашында, хипстер термині джаз музыкасын ұнататындар арасында пайда болған субмәдениеттің өкілдеріне қолданылған. Бүгінгі таңда бұл терминнің ауқымы кеңейе түсті, қазір хипстер деп шетел әдебиеті мен өнеріне, сән үлгісіне, альтернативті музыка мен артхаус киносына және қазіргі заманғы әдебиетке қызығушылық танытып, өзінің сыртқы келбетіне аса зор мән беретін, материалдық жағдайы жақсы қала жастарын атайды.

Хипстерлердің арғы тегі

«To be hip» немесе  «Хипстер» деген кімдер?

Әдетте, 16 мен 26 жас аралығындағы жастар жоққа шығару арқылы, өмірді таниды. Олар өзіндік «менін» көрсетуді қалайды. Сондықтан, өмір сүру стилі өзгелерден бөлектеу, топ арасынан бөлініп тұратын хипстерлерді жаңа пайда болған үрдіске жатқызу дұрыс емес. Бұған дейін де «нигилистер», «сәнқойлар» (стиляги), «хиппи» деген сияқты субмәдениеттер қалыптасқан-тын. Киім кию үлгісі мен кейбір өмір сүру аспектілері жағынан бұлар хипстерлердің арғы тегі болып табылады. Хипстерлердің олардан айырмашылығы оқыған, өнерге әуес, өзіндік стилі бар, позитивті жастар.

 

Хипстерлердің сыртқы сипаты

«To be hip» немесе  «Хипстер» деген кімдер?

-  сәнді шаш үлгісі немесе қалпақ, кейбіреулері сақал-мұрт қояды

-  тор көз жейделер, жаңа үлгідегі футболка не қалың свитер

-  тар джинсы шалбары

-  түрлі-түсті қымбат кедалар

-  көзілдірік, көлемді фотоаппарат

Әрине, хипстерлердің киім үлгісінде қатып қалған қағида жоқ, бірақ негізінен классика мен спорттық киім үлгісінің «миксін» үйлесімді қолдануға акцент жасалады.

 

Хипстерлер және саясат

«To be hip» немесе  «Хипстер» деген кімдер?

  • Хипстерлердің бір бөлігі жаһандануға қарсы. Экология, қалдықсыз өндіріс, вегетарияншылдық, волотерлік – хипстерлер үшін лайықты іс
  • Келесі бөлігі буржуазиялық құндылықтарды құптайды. Олар секонд-хенд атаулыдан алшақ жүріп, қарақшылық контентті сынайды. Буржуа-хипстерлер үшін өздері тұтынатын өнімінің өте сирек, бірегей әрі эксклюзивті болуы аса маңызды.
  • Жалпы алғанда, хипстерлер қоғамға қауіпті емес. Керісінше, позитивті бағыттағы, шығармашылыққа жақын жандар. Ондай адамдардан мықты жазушылар мен ұқыпты үй иесі, қамқор әкелер шығады. 

 

Әртүрлі құрлықтардағы хипстерлер

Хипстерлер Африкада да бар. Мұндағы хипстерлік сәнқұмарлықтың нәтижесінен емес, айналадағы ортаның артта қалушылығына деген наразылықтан туындаған. Африканың хипстерлері қирап жатқан сұр үйлер мен ғимараттардың аясында суретке түсу арқылы, кедейшілік пен ескішілдікке қарсылығын білдіреді.

Сондай-ақ, хипстерлердің ең жарқын бейнесін Токио, Милан, Лондон, Нью-Йорк қалаларынан көруге болады.

«To be hip» немесе  «Хипстер» деген кімдер?

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға