Жаңалықтар

Тоқаев Конституцияға өзгерістер енгізу жөнінде үндеу жасады

Тоқаев Конституцияға өзгерістер енгізу жөнінде үндеу жасады
05.05.2022 21:31 2913

Конституциямыз мүлде жаңа сипатқа ие болады – деді Президент.

«Ата Заң баптарының үштен бірі өзгереді. Ашығын айтсақ, Конституциямыз мүлде жаңа сипатқа ие болады. Сол себепті мен республикалық референдум өткізу туралы бастама көтердім. Өйткені мұндай ауқымды өзгеріс бүкіл халықтың шешімімен жүзеге асырылуға тиіс», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев бейнеүндеуінде.

Конституцияның жаңарған нұсқасында Президенттің барлық саяси күштер мен партиялардан дербестігін бекіту көзделген - Қасым-Жомарт Тоқаев. Сондай-ақ, Президент құқық қорғау саласы бойынша маңызды өзгерістер енгізілетінін атап өтті.

«Конституциялық сот құрылады. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің, яғни омбудсменнің мәртебесі Ата заңмен айқындалады. Елімізде өлім жазасы мүлде жойылады. Мұның бәрі азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін жасалып жатыр. Алдағы конституциялық реформа ел дамуының жаңа кезеңі басталғанын көрсетеді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев бейнеүндеуінде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға