Жаңалықтар

Тоқаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді
Тоқаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті
Фото: akorda.kz 05.10.2022 10:06 968

Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды El.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Президенттер сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту перспективаларын талқылап, аймақтағы өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Екі ел үкіметтері арасындағы табысты өзара іс-әрекет, соның ішінде өзара тауар айналымының оң қарқыны туралы айтылды. Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонды 70 жасқа толған мерейтойымен құттықтап, бауырлас Тәжікстан халқының игілігі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға