Тоқаев Сочидағы «Сириус» білім беру орталығына барды
Мемлекет басшысы орталықтың жұмысымен, даму тұжырымдамасымен және ғылыми-технологиялық кластер құру жоспарымен танысты.
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
19.08.2022 23:22
1851
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен өткізген кездесуінен кейін Ресей Президентінің бастамасымен құрылған «Сириус» білім беру орталығында болды, деп хабарлайды EL.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы орталықтың жұмысымен, даму тұжырымдамасымен және ғылыми-технологиялық кластер құру жоспарымен танысты. «Сириустың» қызметі спорт, өнер, ғылым және шығармашылық салаларында ерекше қабілеттерін танытқан дарынды балаларды ерте анықтауға, дамытуға және одан әрі кәсіби түрде қолдауға бағытталған - делінген хабарламада.

Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Ташкентте трансұлттық қылмыспен күрес мәселесі талқыланды