Тоқаев: Білім алу үшін дұрыс жағдай жасау – мемлекеттің аса маңызды міндеті
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
28.09.2022 18:51
1101
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысын өткізді, деп хабарлайды El.kz Ақордаға сілтеме жасап.
«Білім алу үшін дұрыс жағдай жасау – мемлекеттің аса маңызды міндеті. Өкінішке қарай, бүгінге дейін көп талқыланғанына қарамастан, үш ауысымды, апатты, ескі мектептер мәселесі шешілген жоқ. Сондықтан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының жүзеге асырылуы Үкіметтің де, жергілікті атқарушы органдардың да ерекше бақылауында болуға тиіс. Үкімет пен Есеп комитеті әрбір теңгенің көзделген мақсатқа жұмсалуын қамтамасыз етуге тиіс», - деді Президент.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Үкіметке тапсырма берді.
«Әкімдер жыл соңына дейін жер, инфрақұрылым жөніндегі барлық мәселені шешуі қажет. Мұнда еш ақталудың реті жоқ. Сондықтан аталған жұмыстың орындалуына әкімдерді тікелей жауапты етіп бекіту жөніндегі Үкіметтің ұсынысын қолдаймын. Құрылысы 2023 жылы басталуға тиіс мектептер үшін жер учаскелерін бөлу және инфрақұрылымға қосу жөніндегі барлық мәселе бір ай ішінде шешілуге тиіс. Қалғандары жыл соңына дейін. Аталмыш жобаларды мақұлдауды ұсынамын, сонымен қатар Үкіметке биыл қараша айына дейін Үкімет қаулысымен аталған ұлттық жобаларды және қажетті нормативтік актілерді бекітуді, жыл соңына дейін осындай жаңа форматта әзірленетін қосымша ұлттық жобалардың тізбесін анықтауды тапсырамын», - деді Президент.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Aхмет Бaйтұрсынұлы – абaйтaнyдың бaстayындa тұрғaн тұлғa
Келесі жаңалық
Қазақстандықтар қандай тегін скринингтерден өте алады?