Жаңалықтар

Тоқаев Абай мектептеріндегі орын тапшылығын біржола шешуді тапсырды

Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев абайлықтармен кездесуде айтты
Тоқаев Абай мектептеріндегі орын тапшылығын біржола шешуді тапсырды
Фото: pavon.kz 30.09.2022 12:00 933

Білім – бәсекеге қабілетті және табысты ұлт болудың басты кепілі. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев абайлықтармен кездесуде айтты, деп хабарлайды El.kz.

«Қазір елімізде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынып жатыр. Абай облысындағы мектептерде 9 мыңға жуық балаға орын жетіспейді. Алдағы уақытта 11 мектеп және 14 балабақша салу жоспарланған. Бірақ, мұның өзі жеткіліксіз. Үкімет пен әкімдікке облыс мектептеріндегі орын тапшылығы мәселесін біржола шешуді тапсырамын», - деді Мемлекет басшысы.

Ол қазақ халқының ұстазды құрмет тұтқанын атап өтті.

«Бұл сөзіміз нақты іспен бекітіліп жатыр. Арнайы Оқу-ағарту министрлігі құрылды. Біз бұған дейін «Педагогтардың мәртебесі туралы» Заң қабылдап, оның аясында мұғалімдердің жалақысын өсірдік. «Әліппені» қайтардық.

Орта білімді дамытуға бағытталған бірқатар жағымды өзгерістер бар. Осындай игі шаралар арқылы біз қоғамда мұғалімнің мәртебесін одан әрі биіктетеміз. Ұстаз біздің қоғамда әрдайым сыйлы тұлға болады», - деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға