Жаңалықтар

Рим Папасы бейбітшілік пен өзара түсіністікке шақыратын бастамаларға себепші болуы мүмкін

Қасым-Жомарт Тоқаев Католик шіркеуінің басшысына ілтипат білдіре отырып, Қазақстанға келгені үшін ризашылығын білдірді
Рим Папасы бейбітшілік пен өзара түсіністікке шақыратын бастамаларға себепші болуы мүмкін
Фото: Ақорда 13.09.2022 20:46 1303

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Рим Папасы Францискпен кездесу өткізді, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Кездесу алдында Понтификті Президент сарайында ресми қарсы алу рәсімі болды. Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт бергеннен кейін екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Рим Папасы Құрмет қарауылының алдынан өтіп, екіжақты келіссөз жүргізу үшін «Шығыс» залына барды. 

Рим Папасы бейбітшілік пен өзара түсіністікке шақыратын бастамаларға себепші болуы мүмкін

 

Қасым-Жомарт Тоқаев Католик шіркеуінің басшысына ілтипат білдіре отырып, Қазақстанға келгені үшін ризашылығын білдірді.

– Сіздің Қазақстанға, жалпы айтқанда, Орталық Азия аймағына алғашқы апостолдық сапарыңыз менің отандастарымды қай дінді ұстанатынына қарамастан зор қуанышқа бөледі. Сіздің бұл сапарыңызды қайырымдылық пен әділдік жолындағы рухани көшбасшылықтың жарқын үлгісі ретінде бағалаймын. Қасиетті Иоанн Павелдің Қазақстанға жасаған тарихи сапары 2001 жылы қыркүйекте, сол жылғы 11 қыркүйекте бүкіл әлемді ауыр күйзеліске түсірген АҚШ-тағы террорлық актіден кейін болды. Оның символдық мәні зор еді, – деді Мемлекет басшысы.    

 Рим Папасы бейбітшілік пен өзара түсіністікке шақыратын бастамаларға себепші болуы мүмкін

 

Президент Рим Папасының сапары халықаралық аренадағы жағдайдың шиеленісуі мен әлемдегі ауыр геосаяси ахуал аясында өтіп жатқанына назар аударды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Католик шіркеуі басшысының Қазақстанға келуі және оның Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне қатысуы өте маңызды оқиға екенін атап өтті. Президенттің айтуынша, Рим Папасы бейбітшілік пен өзара түсіністікке шақыратын бастамаларға себепші болуы мүмкін.

 Өзара сенім мен құрмет көрсету жағдайында өткен кездесуде Мемлекетіміздің басшысы мен Рим Папасы конфессияаралық келісім мен дінаралық диалогты, Қазақстан мен Ватикан арасындағы ынтымақтастықтың даму перспективаларын ілгерілетудің өзекті мәселелерін талқылады, сондай-ақ қазіргі заманның сын-қатерлері жөнінде пікір алмасты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға