ТМД елдерінің ІІ ойындары: Ел спортшылары жалпы есепте 5-орында тұр

Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
13.08.2023 19:21
1183
Қазақстан спортшылары ТМД елдерінің ІІ ойындарында жалпыкомандалық есепте 5-орында тұр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Қазақстандық спортшылар бұл бәсекеде барлығы 38 медаль жеңіп алды. Оның бесеуі – алтын, 12-і – күміс және 21-і – қола.
Жалпыкомандалық есепте көш басында Ресей тұр. Бұл елдің споршылары барлығы 242 медаль иеленді, оның 123-і – алтын.
Екінші орында Беларусь (барлығы 193 медаль, 34-і – алтын), үшінші орында Өзбекстан (барлығы 84 медаль, 24-і – алтын) тұр.
Ал Әзербайжан спортшылары 51 медаль (8-і – алтын) жеңіп алған.
Айта кетейік, ертең – жартыстың соңғы күні.
Бөлісу:
