ТМД елдері қашқын жемқорларды бір біріне беруге келісті
Бұл туралы Антикор мәлім етті
Фото: Антикор
Фото: Антикор
27.10.2022 09:13
2232
Астанада өткен ТМД мемлекеттері Басшылары кеңесінің кезекті отырысының шеңберінде мемлекет басшылары Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимылдағы ынтымақтастығы туралы келісімге қол қойды.
Бұл құжат 2008 жылы әзірленіп, тек 2022 жылы тараптар түпкілікті редакциясына және жоғары деңгейде қол қою туралы келісті.
Келісімнің қолданылуы сыбайлас жемқорлық туралы қылмыстық істер бойынша жәрдем көрсетуге; сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге ықпал ететін үйлестірілген және келісілген іздестіру іс-шараларын және басқа да шараларды жүргізуге мүмкіндік береді.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Сауд Арабиясында әйелдерге еркіндік беріле бастады
Келесі жаңалық
Астанада шаршы алаңға шығуға асықпын - Баходир Жалолов