Жаңалықтар

Тізімнен шығып қалған кандидат мемлекет бөлген қаржыны қайтара ма?

Тізімнен шығып қалған кандидат мемлекет бөлген қаржыны қайтара ма?
Фото: El.kz 27.02.2023 12:00 2929

ОСК отырысында журналистер тіркеуден алып тасталған кандидаттардың мемлекет бөлген қаржыны қайтаруы туралы сұрады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

«Заңда қайтару деген талап жоқ. Өйткені ол тікелей кандидаттың жеке шотына түспейді. Ол бұқаралық ақпарат құралдарына, басқа да жерлерге аударылады. Егер жаратып қойған болса, қайтарылмайды. Қайтару туралы заңда көрсетілмеген»,- деді Шавкат Өтемісов.

Осыған дейін ОСК отырысында жергілікті атқарушы билік өкілдері сайлауға дайындық туралы баяндама жасағанын хабарлаған болатынбыз.

Сонымен қатар бүгін ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізу, оның ішінде дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдері және сайлау алдындағы пікірталастарды өткізу мәселелері жөніндегі ОСК-ның отырысы өтіп жатқанын мәлімдедік.

Еске салсақ ОСК сайлау алдындағы теледебат «Хабар» телеаранасында өткізілетінін хабарлады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға