ӨТІНІШ
... ретінде жұмысқа қабылдауыңызды сұраймын |
- прошу принять меня на работу в качестве ... |
... басқа бөлімге ауыстыруды сұраймын |
- ... прошу меня перевести в другой отдел |
басқа жұмысқа ауысуыма байланысты ... |
- в связи с переводом на другую работу ... |
басқа қалаға қоныс аударуыма байланысты ... |
- в связи с переездом в другой город ... |
денсаулығымның нашарлауына байланысты ... |
- в связи с ухудшением здоровья ... |
жалақысы сақталмайтын демалыс беруіңізді сұраймын |
- прошу предоставить мне отпуск без сохранения зарплаты |
жалақысыз демалыс |
- отпуск без содержания |
жұмыстан өз еркіммен босатуды сұраймын |
- прошу освободить меня от работы по собственному желанию |
зейнеткерлікке шығуыма байланысты |
- в связи с уходом на пенсию |
кезекті еңбек демалысы туралы өтініш |
- заявление об очередном отпуске |
Маған ......................... аралығында кезекті еңбек демалысын беруіңізді сұраймын |
- Прошу предоставить мне очередной отпуск с .......................... по |
материалдық көмек туралы өтініш |
- заявление о материальной помощи |
Үлгі 1.
Астана қаласы бойынша Кедендік бақылау
департаментінің бастығы
___________________
Өтініш
Отбасы жағдайыма байланысты 2012 жылдың тамыз айындағы кезекті демалысымды қараша айына ауыстыруға рұқсат етуіңізді сұраймын.
20__ жылғы «___» ____________ қолы __________________
Үлгі 2.
Астана қаласы
Көліктік бақылау
басқармасының басшысы
______________________
Өтініш
Сізден 2012 жылдың 14-16 мамыр аралығында отбасы жағдайыма байланысты Көкшетау қаласына автокөлікпен шығуыма рұқсат беруіңізді сұраймын.
20__ жылғы «___» ____________ қолы __________________
Үлгі 3.
Астана қаласы
Экономикалық сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес
жөніндегі департаментінің
бастығы_______________
Өтініш
Сізден 2012 жылдың 3 қазанынан бастап денсаулығыма байланысты қызметтік міндетімді атқарудан уақытша босатуыңызды сұраймын. Сырқаттану қағазын емделіп болғаннан кейін ұсынамын.
20__ жылғы «___» ____________ қолы __________________
Үлгі 4.
Астана қаласы
Ішкі саясат басқармасының
басшысы ____________
Өтініш
Мені 2012 жылғы 21 қыркүйектен бастап 30 күнге кезекті еңбек демалысына жіберуіңізді сұраймын.
20__ жылғы «___» ____________ қолы __________________
Үлгі 5.
Астана қаласы Қаржы басқармасының басшысы_______________
Өтініш
Маған отбасылық жағдайыма байланысты материалдық көмек беруіңізді сұраймын.
20____жылғы «___» __________ қолы _________________
«Құжаттама», Ж.А. Тұрлыбекова, Ұ.К. Каюпова, Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасы «Руханият» орталығы дайындаған