Тимур Құлыбаев Ұлттық Олимпиада комитетінің құрамына қайта сайланды
Оның кандидатурасын Азия Олимпиадалық Кеңесі (АОК) континент өкілі ретінде ұсынды
Фото: olympic.kz
Фото: olympic.kz
20.10.2022 18:12
1972
ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаев 2023-2026 жылдарға Ұлттық олимпиада комитеті қауымдастығының атқару комитетінің құрамына қайта сайланды, деп хабарлайды El.kz Olympic-ке сілтеме жасап.
Оның кандидатурасын Азия Олимпиадалық Кеңесі (АОК) континент өкілі ретінде ұсынды. Тимур Құлыбаев 2015 жылдан бері Құрлықтық қауымдастықтың Азия Олимпиадалық кеңесінің вице-президенті.
Айта кетейік, Тимур Құлыбаев Халықаралық Олимпиада комитетінің қоғаммен байланыс және спорт арқылы әлеуметтік даму жөніндегі комиссиясының белсенді мүшесі.
Бөлісу:
