Жаңалықтар

Тілші Ербол Мәндібектің жеке басына қауіп төніп тұр ма?

Тілші Ербол Мәндібектің жеке басына қауіп төніп тұр ма?
Фото: facebook.com/mandibek 07.05.2023 23:34 2966

Әлеуметтік желіде журналист Ербол Мәндібектің видеоүндеуі жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Онда тілші әлеуметтік желідегі парақшасында тiкелей эфирге шығып, өзiне және отбасына қауiп төнiп тұрғандығын айтты.

Осы жайтқа байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұрап, өзін және отбасын қорғауды сұрады.

Әзірге бұл кімнің тірлігі екенін нақты білмеймін. Мен тәуелсіз журналистпін. Өлімнен қорықпаймын, бірақ үш балам бар, солардың амандығын ойлаймын, солар үшін бәрін жасауға дайынмын. Егер аман қалсақ, онда жаңа Қазақстанның орнағанының көрінісі. Құзырлы органдардың қауіпсіздігімді қамтамасыз ететіндігіне сенемін, - деді Мәндібек.

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі осы жайтты қадағалап, құқық қорғау органдарымен тұрақты байланыста екенін мәлімдеді.

Қазіргі уақытта ҚР Ішкі істер министрлігі оқиғағаның мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр, - деді министр.

Ал Астана қаласы Полиция департаменті тілшінің тұрған жерiн анықтап, қауіпсіздігiне көз жеткiзгенін мәлімдеді.

Елорда тұрғыны шара қолдану туралы арыздан бас тартты, онымен профилактикалық әңгіме жүргiзiлдi, - делінген мәліметте.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға