«Тілі ұзын» әйеліне ерегіскен жігіт бірден 4 қызға үйленді

Фото: Әлеуметтік желі
Фото: Әлеуметтік желі
12.02.2024 10:55
1283
Кувейтте 28 жастағы азамат бұрынғы әйеліне ерегесіп, бірден төрт қызға үйленіп, той жасады, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.
Жігіт пен оның бұрынғы әйелі бірнеше ай ғана бірге тұрған. Ерлі-зайыптының арасында жанжал туындап, әйел жігіттің намысына тиетін сөздер айтқан. Жігіт әйелінің "саған ешкім тұрмысқа шықпайды" деген сөзіне ерегісіп, бірден 4 қызға үйленді.
Бұрынғы жұбайына кек қайтару мақсатында жас жігіт шариғат заңдарына жүгінген. 4 қыздың екеуі орыс ұлтының өкілдері екені белгілі болды.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Былтыр елімізде 810 орман өрті тіркелген
Келесі жаңалық
Ақтөбеде полиция мыңға жуық көлікті алып жүрді