Жаңалықтар

Тіл онкүндігіне белсенді қатысқан Ақмола облыстық этномәдени бірлестіктері алғыс хаттармен аталып өтті

Тіл онкүндігіне белсенді қатысқан Ақмола облыстық этномәдени бірлестіктері алғыс хаттармен аталып өтті
20.09.2018 10:33 1814

Ақмола облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы этномәдени бірлестіктері тілдер онкүндігіне белсенді атсалысқандары үшін алғыс хаттармен марапатталды.

«Ұлы даланың – Ұлы тілі»  Қазақстан халқы тілдері күніне арналған онкүндігіне белсенді атсалысқандары үшін Ақмола облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы этномәдени бірлестіктерінің басшыларына Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықбаевтың атынан алғыс хаттар табысталды.

Онкүндіктің аяқталуына орайластырылған салтанатты жабылу рәсім қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен ақмолалықтардың сүйікті орны, қала символы саналатын Бұқпа төбесіндегі  «голливудтық» «Көкшетау» жазуының жанында өтті.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға