"Тіл-көзден сақтасын": Жанар Айжанова екінші рет тұрмысқа шыққан қызына батасын берді
Қасиетті жұма отандық актриса әрі дизайнер Айжұлдыз Адайбекова мен экстрим-блогер Сәкен Қағаров шариғат бойынша некелерін қидырды. Актрисаның анасы әрі белгілі әнші Жанар Айжанова қызы мен күйеу баласына ақ батасын берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өнер иесі қызы мен ұлын "қос қозым" деп бақыт тіледі. Бұл туралы ол Айжұлдыз Адайбекованың неке қидырған қуанышты жаңалықпен бөліскен сәтінің жазбасына пікір ретінде қалдырды.
Қос қосым, бақыттарың баянды болсын. Алла тіл-көзден сақтасын! Бір жастықта қартайып, үбірлі-шүбірлі болыңдар,- деп жазды Жанар Айжанова.
Еске салсақ, біз бұған дейін Исландиядағы сарқыраманың жанында экстрим-блогер Сәкен Қағаров сүйіктісі Айжұлдыз Адайбековаға тұрмысқа шығу туралы ұсыныс жасағанын жазған болатынбыз.