Жаңалықтар

TikTok-қа тыйым: АҚШ конгресінің төменгі палатасы заң жобасын мақұлдады

TikTok-қа тыйым: АҚШ конгресінің төменгі палатасы заң жобасын мақұлдады
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/OpenAI 14.03.2024 09:25 1320

АҚШ аумағында TikTok-қа тыйым салынбақ, кәсіпкерлер палатасы тиісті заң жобасын қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Билік бұл 170 млн қолданушының наразылығын тудырады деп ойлап отыр.

CNN мәліметінше, қытайлық қосымшаға тыйым салуды 352 конгрессмен қолдап, 65-сі қарсы дауыс берген.

Заң жобасын ұсынушылар TikTok АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіреді деп санайды.
Дегенмен тыйым күшіне енуі үшін заң жобасын алдымен сенат мақұлдап, президент қол қоюы қажет.

Егер АҚШ аумағында аталған қосымшаға толықтай тыйым салынса, онда Apple және Google бұл мобильді қосымшаны App Store және Google Play-ден алып тастауы керек болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға