Жаңалықтар

TikTok Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен мұғалімдерге арналған байқау жариялайды

Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді
TikTok Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен мұғалімдерге арналған байқау жариялайды
Фото: tiktok.com 04.10.2022 19:15 2328

TikTok Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен қысқа бейнероликтерді көруге және жасауға арналған жетекші платформа #ҚазақстанМұғалімдері байқауын іске қосады.

Бұл туралы El.kz ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Байқау аясында еліміздің түкпір-түкпірінен оқытушылар платформада өз пәні туралы шығармашылық және танымдық бейнероликтер жариялауға шақырылады. Байқау жеңімпаздары бағалы сыйлықтарға ие болады — iPhone 13 PRO Max смартфондары.

TikTok авторларының қазақстандық қауымдастығы танымдық контенттің көптеген авторларын біріктіреді және платформа қарапайым бейнероликтер форматы арқылы өз пәніне аудиторияны шын жүректен қызықтыруға мүмкіндік алатын мұғалімдер мен оқытушылар арасында ерекше танымал болып отыр.

TikTok-тың #ҚазақстанМұғалімдері бастамасы оқытушыларға қарым-қатынастың жаңа тәсілдерін ашуға және әркімге түсінікті бейне форматта өз пәні бойынша біліммен бөлісуге мүмкіндік береді. Жобаның ресми амбассадорларыTikTok-та танымал мұғалімдер болады: химик Ұлан Үсенов @wannabeteacher, математик Данияр Сеңгірбай @aks.dani және мұғалімдер тобы @jump2mars.

TikTok-та өз жолын енді бастаған оқытушылар үшін арнайы оқыту вебинары өткізіледі, бұл оларға TikTok-тың барлық мүмкіндіктері туралы білуге және қоғамдастықтың назарын аударатын жарқын бейнелер жасауды үйренуге көмектеседі.

Байқауға қатысуға TikTok-та аккаунт ашуға дайын немесе аккаунты бар барлық мектеп мұғалімдері шақырылады. Байқау барысында 6 қазаннан 1 желтоқсанға дейін педагогтар өз пәнінің тақырыбы бойынша танымдық бейнероликтер жариялауы қажет. Роликтердің кем дегенде 30 секундқа созылуы маңызды, ал оларды жариялау кезінде байқаудың #ҚазақстанМұғалімдері хэштегі пайдаланылуы тиіс.

«Біздің елімізде пәндік сабақтарын, білім мен ғылымды ілгерілету үшін әлеуметтік желілер мен бейне платформаларды қолданатын көптеген педагогтар бар. Осының арқасында онлайн-форматта елдің әр түкпірінен келген пайдаланушылар жаңа білім алады. TikTok жетекші платформасының өкілдері біздің педагогтардың бастамаларын бағалап, қазақстандық мұғалімдер үшін конкурстар ұйымдастыратыны қуантады. Бұл TikTok алаңында білім беру контентін бірлесіп ілгерілету үшін қосымша ынталандыру болады», - деп атап өтті Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз хатшысы Мөлдір Әбдуәлиева.

Құрамына жобаның елшілері, TikTok платформасының және Оқу-ағарту министрлігі кіретін қазылар алқасының мүшелері қатысушыларды үш номинация бойынша бағалайды:

• Ең креативті мұғалім. Марапатты белгілі бір тақырыпты қысқаша, түсінікті және креативті түсіндіре алған автор алады. Номинацияны платформадағы ең креативті мұғалімдердің бірі - химия пәнінің мұғалімі және студенттерді өз пәніне қалай қызықтыру керектігін жақсы білетін аниме жанкүйері Улан Үсенов @wannabeteacher ұсынады.

• Жаңа мұғалім Жеңіс байқау кезінде жаңа аккаунты ең көп қаралымға ие болған мұғалімге беріледі. Номинацияның амбассадоры жас математика мұғалімі Данияр Сенгирбай @aks.dani болады.

• Үздік бейнеролик. Хэштегі бар бейнеролигі байқау кезінде ең көп қаралымға ие болған мұғалім жеңімпаз болады. Номинацияны @jump2mars жобасы ұсынады, ол Қазақстандағы TikTok-та танымдық контентті алғашқылардың бірі болып танымал ете бастады және оның роликтері жүздеген мың лайк жинайды.

Байқау жеңімпаздары iPhone 13 PRO Max смартфондарын, сондай-ақ TikTok контент жазушылары ретінде дамуын жалғастыруға көмектесетін Дарындарды дамыту бағдарламасына шақыру алады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға