Жаңалықтар

Тікелей эфирде денсаулығы сыр берген Ердоған алғаш рет сұхбат берді

Тікелей эфирде денсаулығы сыр берген Ердоған алғаш рет сұхбат берді
Фото: ©AP/Ali UNAL 01.05.2023 16:00 1410

Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған асқазан тұмауын жұқтырғаннан кейін алғаш рет түрік телеарналарына сұхбат берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Түрік басшысы қазіргі уақытта өзін жақсы сезінетінін атаған. Сондай-ақ, ол сайлау науқаны жоспар бойынша жүріп жатқанын жеткізді. Түркияда президенттік және парламенттік сайлау 14 мамырға жоспарланған. 

26 сәуірде Режеп Тайып Ердоған жергілікті Kanal 7 және Ülke TV телеарналарына тікелей эфирде сұхбат беріп отырып, денсаулығы сыр берген еді. Осылайша бағдарлама соңында сұхбат үзіліп, эфир тоқтатылды. Ülke TV бас редакторы Хасан Өзтүрік сұрақ қойғанда Ердоған әрең жұтынғаны анық байқалды. 

Сұхбаттан сәл кейінірек түрік басшысының асқазан тұмауын жұқтырғаны айтылды. Ол осы ретте дәрігерлердің кеңесі бойынша сайлау науқанының бірқатар шараларын өткізіп алды. 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға