Жаңалықтар

Тергеу әрекетін бейне тіркеу кезінде қысқаша хаттама толтыру ұсынылады

Тергеу әрекетін бейне тіркеу кезінде қысқаша хаттама толтыру ұсынылады
Фото: replicadisk.ru 13.03.2023 11:27 2744

Өткен аптада Ішкі істер министрі Сенаттың жалпы отырысында "Қылмыстық, қылмыстық процестік және қылмыстық атқару кодекстеріне өзгерістер мен толықтырулардың" заң жобасын ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Заң жобасындағы түзетулер 6 бағытты қамтиды. Олар арқылы Қылмыстық сот төрелігі саласында адам құқықтарын қорғау тетіктерін кеңейту жоспарлануда. Жаңа түзетулермен қатыгез қарым-қатынас жасағаны үшін құқық бұзушылық құрамы жеке енгізіледі.

Сонымен қатар ол бұдан басқа отбасылық тұрмыстық салада жасалатын құқық бұзушылықтарға байланысты кінәліге материалдық немесе басқа тұрғыда тәуелді  адамға іс-әрекетті жасау деген саралау белгілері енгізілетінін айтты.

Сондай-ақ заң жобасы аясында бас бостандығынан айыру орындарында алғаш рет сотталғандарды, жазасын өтеп жатқандардан бөлек ұстайды.

 «Тағы да басқа жекелеген түзетулер сотталғандардың денсаулығын сақтау мен құқығын қорғауға қатысты. Әлеуметтік байланыстарды сақтау мақсатында сотталған әйелдердің босатылуына бір жылдан аз уақыт қалса, 4 жасқа дейінгі балаларын қарауға норма көзделеді. Тағы бір түзету ретінде тергеу әрекетін бейне тіркеу кезінде егжей-тегжейлі хаттаманың орнына, қысқаша хаттама жасау ұсынылады», деді Шұғыла Тұрлыбек.

Осыған дейін ІІМ-нің мәліметі бойынша бір апта ішінде елімізде 2832 қылмыс жасалғанын хабарлаған болатынбыз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға