Жаңалықтар

Теннистен «Президент кубогы — 2016» Халықаралық турнирі басталды

Қазақстан теннис федерациясы
25.07.2016 11:10 3586

Астанадағы ұлттық теннис орталығында үлкен теннистен XVIII Халықаралық Chellendger ATP және ITF Women’s «Президент кубогы — 2016» Халықаралық жарысы басталды.

Теннистен «Президент кубогы — 2016» Халықаралық турнирі басталды

Президент кубогы — кәсіпқой теннисшілер үшін Қазақстанда  ұйымдастырылатын ең ірі жарыстардың бірі болып табылады. Турнир 1991-ші жылдан бері өткізіліп келеді.

Теннистен «Президент кубогы — 2016» Халықаралық турнирі басталды

Жарысты ұйымдастырушы Қазақстан теннис федерациясы биыл жүлде қорына 125 000 АҚШ долларын тігіп отыр.

Теннистен «Президент кубогы — 2016» Халықаралық турнирі басталды

«Президент кубогы» Халықаралық жарысы жыл өткен сайын танымалдығы арта түсуде. Мысалы 2015 жылы турнирге әлемнің 30 елінен 100-ге тарта спортшы келген.

Теннистен «Президент кубогы — 2016» Халықаралық турнирі басталды

Жарыстың алғашқы күні спортшылар өздерінің квалификациялық және басты кездесулерін өткізді. Атап айтқанда қазақстандықтар сапынан: Камила Керімбаева, Гозаль Айнитдинова, Денис Евсеев, Сагадат Аяп и Роман Хасановтар ел намысын қорғайды.

Теннистен «Президент кубогы — 2016» Халықаралық турнирі басталды

Алғашқы болып алаңға Камила Керімбаева өзбек спортшысы Влада Екшибаровамен шықты. 21 жасар Қазақстанның жарық жұлдызы Камила жарыс алдында «жарақаты бар» деген сыбыс болған. Осыған қарамастан әлемдік рейтингте 363-ші тұрған жас спортшы қарсыласынан басым түсті.

Теннистен «Президент кубогы — 2016» Халықаралық турнирі басталды

Осыған дейін Камила ITF турнирінің финалына шыққан болатын. Финалдық кездесуде өзбек спортшысы Альбина Хабибулинаны 6:1, 6:3 есебімен ұтып, бас жүлдені иеленген.

Теннистен «Президент кубогы — 2016» Халықаралық турнирі басталды

Кәсіпқой спортшылармен қатар балалар мен әуесқой спортшылар да өзара күш сынаспақ. 25-31 шілде аралығында балалар арасында «AstanaMasters 12&under President’s Cup»  және «AstanaOpen» деген атаумен әуесқой спортшылар кәсіпқой теннисшілермен қатар өнер көрсетіп жатыр.   


Рустем ӘЛПИ

Фотограф — Нұрбек ӘЛМАНБЕТОВ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға