Теннисші Тимофей Скатов Грекиядағы турнирдің ширек финалына шықты

Фото: Olympic.kz
Фото: Olympic.kz
06.03.2025 08:35
152
Теннистен Қазақстан құрамасының спортшысы Тимофей Скатов Грекияның Херсониссос қаласында өтіп жатқан турнирдің 1/8 финалдық матчында жеңіске жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҰОК мәліметінше, қазақстандық спортшы жұптық сайыста ширек финалға жолдама алған. Тимофей Скатов пен болгариялық Димитар Кузманов Александр Мерино (Австрия) және Кристоф Негриту (Германия) жұбын жеңді.
Матч екі сетке созылды. Скатов пен Кузманов кездесуді 7:5, 6:1 есебімен аяқтап, жеңіске жетті.
Бөлісу:
