Теннис: Юлия Путинцева финалда жеңіліп қалды
Фото: Қазақстан теннис федерациясы
Фото: Қазақстан теннис федерациясы
16.09.2023 21:45
1063
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева жұптық сында Осака (Жапония) WTA 250 турнирінің финалында есе жіберді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстандық спортшы ресейлік Анна Калинскаямен бірге соңғы бәсекеде германиялық Анна-Лена Фридзам - украиналық Надежда Киченокпен шеберлік байқасты.
Сағат жарымнан астам уақытқа созылған матчта германиялық-украиналық жұп 7:6 (7:3), 6:3 есебімен жеңіске жетті. Олар 1 эйс жасап, 14 брейк-пойнттың төртеуін пайдалана білді.
Ю. Путинцева мен А. Калинская 7 брейк-пойнттың үшеуін өз есептеріне жазды.
Осылайша, Юлия Путинцева жұптық сында барынша сәтті өнер көрсетіп, Жапониядағы жарыстың финалына дейін жетті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Фейк: 2024 жылы әлемде қырғын соғыс басталады
Келесі жаңалық
Қазақстанда қыста мопедпен жүруге бола ма