Жаңалықтар

Теннис: Оңтүстік Кореяда Әмір Омарханов жеңімпаз атанды

Теннис: Оңтүстік Кореяда Әмір Омарханов жеңімпаз атанды
Фото: Қазақстан теннис федерациясы 10.10.2023 02:00 647

Оңтүстік Кореяда жасөспірімдер арасында екінші санаттағы ITF Juniors - J300 WANJU турнирі мәресіне жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, беделді жарыста Әмір Омарханов (200 ITF Juniors) тамаша өнер көрсетті.

Қазақстандық теннисші үшінші айналымда жасөспірімдер арасында әлемнің 45-інші, доданың екінші ракеткасы, оңтүстіккореялық Джангжун Кимді қапы қалдырды - 6:7, 7:6, 6:3.

Әмір ширек финалда тағы бір корт иесі Юн Сун Йонгты жолдан тайдырды - 6:3, 6:3.

Жартылай финалда жасөспірімдер арасында әлемнің 41-ракеткасы, аустралиялық Хайден Джонесті ойсырата ұтты - 6:1, 6:0.

Титул үшін бәсекеде Қарағанды теннис мектебінің түлегі үндістандық, рейтингте 61-орындағы Юван Нандалдан басым түсті - 6:2, 6:2.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға