Теннис: Карен Хачанов Almaty Open чемпионы атанды

Фото: Қазақстан теннис федерациясы
Фото: Қазақстан теннис федерациясы
20.10.2024 22:05
682
Әлемнің 26-ракеткасы Карен Хачанов Almaty Open чемпионы атанды. Ол финалда әлемнің 118-ракеткасы, канадалық теннисші Габриэль Диалломен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ресейлік теннисші қарсыласын үш сетте 6:2, 5:7, 6:3 есебімен жеңді. Карен Хачанов матч кезінде алты эйс жасап, бір қос қателік жіберді және 19 брейк-пойнттың алтауын сәтті пайдаланды.
Ал турнирдің жұптық сындағы финалдық кездесуінде үндістандық жұп Арджун Кадхе мен Ритвик Чудари Боллипалли тунистік-колумбиялық дуэт Скандер Мансури мен Николас Баррьентосты 3:6, 7:6 (3), 14:12 есебімен ұтты.
ATP 250 Almaty Open турнирінің жүлде қоры 1 миллион доллардан асады.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
ҚТЖ филиалының басшысы мекемеге жалған қызметкерлер тіркеген
Келесі жаңалық
«Таза Қазақстан»: Шымкентте ауқымды сенбілік өтті