Теннис: Александр Бублик әлемнің 14-ракеткасын жеңді

Фото: Қазақстан теннис федерациясы
Фото: Қазақстан теннис федерациясы
31.10.2023 02:29
897
Қазақстанның бірінші, әлемнің 33-ракеткасы Александр Бублик Париж мастерс турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда әлемнің 14-ракеткасы, америкалық Фрэнсис Тиафомен шеберлік байқасты.
А.Бублик бір сағаттан астам уақытқа созылған матчта 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Ол осы уақыт ішінде 11 эйс жасап, 4 брейк-пойнттың тең жартысын мүлт жіберген жоқ. Ф.Тиафо 4 эйстен аса алмады.
Александр Бублик 1/8 финалға шығу үшін әлемнің 20-ракеткасы, Чили өкілі Николас Харримен таласады.
Өткен жылы қазақстандық спортшы алғашқы айналымнан аса алмаған еді.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
5 күн бұрын жоғалған атыраулық табылды