Теңгедегі ескі атрибуттардың бірі банкноттарға қайта енгізіледі
Фото: ©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ
Фото: ©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ
11.07.2023 18:00
1016
Қазақстанда теңге банкноттарына қайтадан Ұлттық банк төрағасының қолтаңбасы қойылады. Банкноттар мен монеталардың жаңа дизайны бекітілетіні туралы ақпарат «Ашық НҚА» порталында жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өзгеріске сәйкес, банкноттардың мынадай атрибуттар болады:
- сериялық нөмірі және дизайнының бекітілген жылы;
- банкноттардың дизайны бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының қолы;
- банкноттарды қолдан жасау үшін жауаптылық туралы жазба банкноттар дизайнының қосымша элементтері болады.
Қолданыстағы «Ұлттық валюта – Қазақстан теңгесінің банкноттары мен монеталарының дизайн тұжырымдамасын бекіту туралы» жарлыққа сәйкес, қосымша дизайн элементтеріне тек сериялық нөмірі мен дизайны бекітілген жылы көрсетіледі.
Бұл ретте банкноттар мен монеталар дизайнының мiндеттi элементтері:
- номиналдың цифрмен және (немесе) әріппен белгiленуi;
- түпнұсқалығын айқындауға мүмкiндiк беретiн және қолданыстағы қорғау технологияларын қолдана отырып, қолдан жасаудан қорғауды қамтамасыз ететiн элементтер;
- эмитент елінің және (немесе) эмитенттің ресми атауы;
- банкноттардың бет жағында және монеталардың бет немесе сырт жағында орналастырылатын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі.
Еске сала кетсек, Ұлттық банк төрағасының қолы 2016 жылға дейін теңгелік банкноттардың міндетті атрибуты болған еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Hero Training бағдарламасының жаңа науқаны басталады