Жаңалықтар

Теміржол билеттеріне 25% дейін жеңілдікті қалай алуға болады?

Теміржол билеттеріне 25% дейін жеңілдікті қалай алуға болады?
Фото: Коллаж El.kz 01.12.2023 14:55 6495

«Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушылардың әртүрлі санаттары үшін теміржол билеттерін сатып алу кезінде жеңілдіктер алуға мүмкіндік беретін «Алтын», «Күміс», «Жастар» және «Саяхатшы» дисконттық карталарын ұсынады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Алтын» картасы 15 жастан асқан жолаушыларға компанияның барлық пойыздарына 25% жеңілдік береді. Картаның құны 19 999 теңгені құрайды.

«Күміс» картасы әлеуметтік маңызы бар пойыздарға 25% жеңілдік береді және 7 999 теңгеге қолжетімді.

«Жастар» картасы 16 жастан 25 жасқа дейінгі жолаушыларға арналған, оның құны 3000 теңге. Бұл карта теміржол билеттерін сатып алуға 25% жеңілдік береді. Ол белгілі бір маршруттардағы қала маңы және коммерциялық пойыздарға таралады. Барлық карталардың жарамдылық мерзімі іске қосылған сәттен бастап 1 жыл.

«Саяхатшы» жеңілдік картасы ‒ «Тальго» пойыздарында жиі жүретіндерге арналған. Карта тегін беріледі және оның қолданылу мерзімі-2 жыл. «Саяхатшы» жеңілдігінің мөлшері жолаушының өткен жылғы сапарларының сомасына байланысты:

- 100 000-нан 150 000 теңгеге дейін, жеңілдік мөлшері 10%;

- 150 001 теңгеден 200 000 теңгеге дейін, жеңілдік мөлшері 15%;

- 200 001 теңгеден астам жеңілдік мөлшері 20% -. құрайды.

Картаны билеттерді офлайн/онлайн сатып алу кезінде пайдалануға болады. Айта кету керек, карталар атаулы болып табылады және үшінші тұлғаларға беруге тыйым салынады. Картаны тек теміржол вокзалдарындағы компанияның билет кассаларында ғана рәсімдей аласыз. Бұл ретте жеке куәлікті, электрондық пошта мекенжайын және ұялы телефон нөмірін көрсету қажет. Карталар саны шектеулі.

Жеңілдікпен билеттерді www.bilet.railways.kz ресми сайтынан және «ҚТЖ билеттері» мобильді қосымшасы арқылы (Android платформасында қол жетімді) сатып алуға болады.

Жеңілдіктер туралы қосымша ақпаратты 1433 тегін нөмірі және «KTZH_PP_BOT Телеграмм -боты арқылы алуға болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға