Жаңалықтар

Теміртауда жылу құбыры жарылып, көшелерді ыстық су басты

Теміртауда жылу құбыры жарылып, көшелерді ыстық су басты
Фото: видеодан кадр/instagram.com/v_krg 11.09.2024 09:29 238

Теміртауда жылу құбыры жарылып, көшелерге ыстық су жайылды,  деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желіде ыстық су жайылған қала көшелерін сипаттайтын бірнеше бейнежазба жарияланды.

Көп ұзамай қала әкімдігі бұл жайтқа қатысты түсініктеме беріп, 10 қыркүйекте «Оқжетпес-Т» ЖШС қаланың жылу желілеріне температуралық сынақтар жүргізгенін (Қарағанды облысында жылыту маусымын дайындау және өткізу қағидаларының 27-тармағына сәйкес) жеткізді.

Бұған дейін компания тұтынушыларды әлеуметтік желілер, БАҚ, аудандардың ОКМС арқылы хабардар еткен болатын. №1 ЖМ ескі учаскесінде (жөндеумен қамтылмаған) ауа компенсаторында, Ду 600 мм (Байсейітова/Құрылысшылар) апат орын алды. Қазіргі уақытта «Оқжетпес-Т» ЖШС күштерімен апатты жағдайды жою бойынша жұмыстар жүргізілуде, делінген әкімдік хабарламасында.

Осы оқиға барысында зардап шеккендер жоқ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға